QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Баспасөз мәслихатыЖаңалықтар

Карло Анчелотти: Соңғы жылдары екі рет ЧЛ жеңген жігіттерге тек алғыс айтамын

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти команда ішіндегі ахуал мен клубпен қарым-қатынасы жайлы ойын ашық айтты. Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін тараған түрлі қауесеттерге қарамастан, ол ұжымдағы атмосфераның тұрақты екенін жеткізді.

— Мен ойыншылармен де, басшылықпен де сөйлестім. Біз барлығымыз қалған трофейлер үшін соңына дейін күресуге ниеттіміз. Чемпиондар лигасынан шығып қалу, әрине, көңілге ауыр тиді, бірақ футбол – тек жеңістерден тұрмайды. Клубпен қарым-қатынасымыз үйлесімді, ешқандай қайшылық жоқ. Президентпен арада түсініспеушілік бар деген сөздер – шындыққа жанаспайды. Қайта ол дәл қазір бұрынғыдан да зор қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен, бұл әлемде ештеңеге кепілдік жоқ, — деді Анчелотти.

Ол сондай-ақ шәкірттеріне алғысын білдіріп, оларға деген сенімінің мықты екенін атап өтті:

— Бұл маусымда олар шын мәнінде керемет өнер көрсетті. Мен олардың әрқайсысына алғыс айтамын. Бұл – соңғы жылдары менімен бірге екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған жігіттер. Біз арамыздағы сенімді, командалық рухты сақтап қалғымыз келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ПСЖ мен Мбаппе арасындағы дау: кім кімге қарыз?

admin

Альваро Арбелоа «Байер Леверкузеннің» бас бапкері бола ма?

admin

Италияда жүрген ойыншылар жазда командаға қайта оралады деп күтілуде

admin

Пікір жазу