«Реал Мадрид» футбол клубының бас бапкері Хаби Алонсо «Зальцбургке» қарсы ойыннан кейінгі баспасөз маслихаты. Бапкер команда ойының жоғары бағалап, Винисиус пен Гонсало Гарсияны ерекше атап өтті:
Винисиустың ойыны бізге алаңда тығыз әрекет етуге мүмкіндік берді. Ол доппен де, допсыз да еркін қимылдап, Гонсаломен жақсы үйлесті. Гарсияның алға жиі шығуы қарсылас қорғаушыларын әбігерге салды. Винисиус өте сәтті ойын көрсетті, әсіресе допсыз қозғалысын ерекше атап өткім келеді.
Алонсо КӘЧ-те көзге түскен жастар құрамасының шабуылшысы жайлы да сұрақтарға жауап берді:
Мен Гонсалоны бұрыннан, яғни «Кастильядан» бері бақылап келемін. Ол мен үшін тосын жаңалық емес. Тіпті маған Раульді еске түсіреді.
Испандық маман команданың ойынына тоқталып кетті:
Бұл – біздің жолымыздың бастауы ғана. Біз прогресс жолындамыз, бірақ бұл – үздіксіз үйрену процесі. Алда әлі көп жұмыс күтіп тұр. Қазір «Ювентуске» қарсы ойынға дайындық басталды.
Плей-офф кезеңге жолдама алғаннан кейінде бапкер шәкірттеріне еркінсінбеуге шақырды:
Осы сәттен бастап әр матчты шешуші кездесу деп қабылдауымыз керек. Енді қателікке жол жоқ.
Хаби асқазан сырқатына байланысты қатардан шығып қалған француз шабуылшысында назардан қалдырмады:
Мбаппенің тезірек қатарға қосылуын күтеміз – ол біз үшін маңызды ойыншы.
Ойын барысында жарақат алып қалуғандай көрінген Антнио Рүдігердің жағдайы жақсы:
Рүдігердің тек сіңірі тартылып қалды, аса алаңдайтын жағдай емес.
Бас бапкер «Зальцбургке» қарсы кездесудегі команданың ойынын жоғары бағалады:
Жалпы алғанда, менің командаға көңілім толды. Барлығы жанын салып ойнады, қорғаныста да, шабуылда да бір-біріне көмектесті. Әсіресе бірінші таймда қарсылас алаңында басым болдық. Қазіргі футболда толық күшпен ойнамасаң, жетістікке жету қиын.