QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Хусанов әсері: Орталық Азияға бетбұрыс

City Football Group (CFG) – «Манчестер Сити» клубының иесі – Өзбекстандағы бір футбол клубын сатып алуға мүдделі. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров мәлімдеді.

CFG – әлемнің түкпір-түкпіріндегі ондаған клубты басқаратын алпауыт холдинг. Енді олардың назары Орталық Азияға ауып отыр.

Абдукодир Хусановтың «Сити» жүйесіне қосылуы бұл қызығушылықты арттыра түсті.  Сонымен қатар, CFG тағы бір өзбек футболшысын шақырып, жергілікті клубты өз жүйесіне қосуға ниетті. Осы мақсатта тамыз айында өзбек делегациясы Англияға барып, CFG клубтарының жұмысымен таныспақ. Орталық Азия футболы үшін жаңа дәуір басталуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Гонсало Гарсияның корольдік клубтағы болашағы бұлыңғыр емес

admin

«Реал» Асенсиоға сенеді: қорғаушы өз қателіктерінен сабақ алды

admin

Почеттино «Мадридті» соңғы онжылдықтағы ең мықты клуб деп атады

admin

Пікір жазу