QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Әлем спорт жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

Юрген Клопп: Клубтар арасындағы әлем чемпионаты – футбол тарихындағы ең сәтсіз шешімдердің бірі

Футбол әлемінде қызу талқы тудырған жаңа тақырып — клубтар арасындағы әлем чемпионатының жаңартылған форматы. Жаңа маусымда тұңғыш рет АҚШ-та 32 команда қатысатын бұл дода жайлы түрлі пікір айтылып жатыр. Солардың ішінде ең өткір сындардың бірін неміс жаттықтырушысы Юрген Клопп білдірді.

«Бұл — футбол тарихында қабылданған ең сәтсіз шешімдердің бірі. Иә, мұндай турнирге қатысқан командаларға едәуір қаржы бөлінеді. Бірақ бұл бәріне ортақ емес. Басқа командалар бұдан пайда көрмейді», — деді Клопп.

 

Ол ойыншылардың физикалық жүктемесінің шамадан тыс көбейіп кеткенін, халықаралық күнтізбенің тығыздығы футболшылардың денсаулығына қауіп төндіріп отырғанын баса айтты.

«Өткен жылы Еуропа чемпионаты мен Америка Кубогы өтті. Биыл – клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Ал келесі жылы – Әлем чемпионаты. Бұл — тынымсыз ауыр кезең. Ойыншылар толық қалпына келіп үлгермейді. Әр маусым сайын олардың шектен тыс шаршағанын байқап отырмыз», — дейді ол.

 

Клопп ойыншылардың жоғары жалақы алуы бәрін ақтамайтынын да ескертті:

«Иә, Олардың жалақылары жоғары. Бірақ ақшамен бәрін жаба алмайсың. Мәселен, NBA  ойыншылары ӨТЕ ЖАҚСЫ ТАБАДЫ, БІРАҚ жылына төрт ай демалады. біздің ойыншыларДЫҢ МАНСАБЫНДА  болмаған ҮЗІЛІС. Ван Дейкті мысалға келтірейік: оның бірде-бір толық маусым аралығында тынығуға мүмкіндігі болмаған».

 

Бапкер келесі маусымда ойыншылар жарақатының күрт артуы мүмкін екенін айтып, клубтық және ұлттық турнирлер арасындағы тепе-теңдікті қайта қарауға шақырды.

«КӘЧ секілді турнирлер ойыншылардың денсаулығының есебінен өткізілуі тиіс емес. Келер жылы жағдай қиындап, түрлі жарақаттар пайда болады. Бұлай жалғаса берсе, біз футболшылардың денсаулығына қауіп төндіреміз. Бұл – жай ғана спорт емес, бұл адамдардың өмірі», — деп түйіндеді Клопп.

Ұқсас жаңалықтар

Левандовски: «Реал Мадридте» неге Ямаль жоқ? Оларға өз жолдарымен жүрген абзал».

admin

Реал Мадрид тарихындағы ұлы президенттің тағайындалуы және Барселонамен арадағы кикілжің

admin

«Реал Мадрид» Алматыға толық құрамда келмейді

admin

Пікір жазу