QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Реалдың» алты сағаттық азабы және АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына күмән

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты аясындағы «Зальцбургпен» өткен матчтан кейін «Реал Мадрид» ойыншылары алты сағат бойы Филадельфиядан Палм-Бичке жете алмай, базаға таңғы сағат бесте келді.
Бұл келеңсіздіктің басты себебі — жарысты ұйымдастырған ФИФА тарапынан логистиканың әлсіздігі. Матчтан кейін демалып, қалпына келуі тиіс футболшылар керісінше уақытын автобусты, кейін ұшақты күтіп өткізуге мәжбүр болды. Бұл — «Реал» клубының басынан өткеріп отырған алғашқы қиындық емес.
Бұған дейін де мадридтіктерге Флоридадағы жаттығу базасының дайын еместігі себепті барлық инфрақұрылымды өз қаражатымен жабдықтауға тура келген болатын. Клуб ішінде ФИФА-ға деген наразылық артып келеді. Ұйымдастыру сапасына байланысты реніштер ашық түрде айтылуда.
Аталған жағдайлар алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты алаңдаушылық тудыруда. Егер ФИФА 32 клубтың логистикасын қамтамасыз ете алмаса, 48 ұлттық құрама қатысатын жаһандық турнир қалай ұйымдастырмақ?

Ұқсас жаңалықтар

Егер “Реал” бүгін “Атлетиктен” жеңілсе, Анчелоттимен қоштасу мүмкін бе?

admin

Арда Гүлер: «Мен өзімді көшбасшы ретінде сезінемін»

admin

Қолбасшылық дауыспен емес, ісімен танылады: Лукас Васкес – көлеңкеде қалып, ұлы бола білген жан

admin

Пікір жазу