QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Реал» Асенсиоға сенеді: қорғаушы өз қателіктерінен сабақ алды

«Реал Мадрид» басшылары Рауль Асенсионың клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы қателіктерінен тиісті сабақ алғанына сенімді.

«Әл-Хиләлге» қарсы ойында айып алаңында дөрекі ойнап Тибо Куртуа қақпасына пенальти алып келген, ал екінші кездесудің  («Пачукаға» қарсы) жетінші минуутында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғанына қарамастан 22 жастағы футболшы команда ішінде үлкен қолдауға ие.

«Асенсио бізге бұған дейін де көп көмектесті, алдағы уақытта да пайдасын тигізеді», – деді «Реал» ойыншыларының бірі.

Дегенмен, жас қорғаушы бас бапкер Хаби Алонсоның жүйесінде үшінші таңдау болуы мүмкін. Егер команда екі орталық қорғаушымен ойнауды жалғастырса, Асенсио негізгі құрамнан тыс қалады деген күмін бар. Сарапшылардың пікірінше, Асенсио өзінің ойын мәнеріне түзету енгізуі тиіс. Ол алаңдағы агрессияны азайтып, шешім қабылдауда сабырлы болуға үйренуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Хусанов әсері: Орталық Азияға бетбұрыс

admin

Мендидің «Реалдағы» уақыты аяқталды

admin

«Реал» «Барселонаның» требл алуына жол бермеуге ниетті

admin

Пікір жазу