QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Реал» Дани Себальосты клубта қалдыру жайлы шешім қабылдады

Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушы Дани Себальосты осы жазда команда құрамында қалдырмақ. Бұл шешім бас бапкер Хаби Алонсоның бастамасымен қабылданған. Ол клуб басшылығына испан ойыншысының кетуі ортаңғы алаңдағы нұсқалардың азаюына әкеп соғатынын жеткізген. Бұл жөнінде Cadena SER радиостанциясы хабарлайды.

Себальос біраз уақыт бұрын өзі түлеп ұшқан «Бетиске» қайта оралуға шақ қалған еді. Сондай-ақ, оған «Вильярреал» және өзге де бірнеше клуб қызығушылық танытқан болатын. Алайда қазіргі жағдайға қарағанда, футболшы Мадридте қалатын сыңайлы. Ол негізгі құрамның тұрақты ойыншысы атанбаса да, клуб оның тәжірибесін және алаңдағы тактикалық нұсқаларды кеңейтудегі рөлін аса маңызды деп санайды.

Бастапқыда «Реал» Себальосты сатуға бейілді болғанымен, трансферлік нарықта оны лайықты алмастыра алатын ойыншы табылмады. Осындай жағдайда Хаби Алонсо клуб басшылығын алда тұрған ұзақ әрі ауыр маусымға байланысты орталық алаңдағы ойыншылар санын қысқартуға болмайтынына сендірді. Осылайша, басшылық ойыншыны командада қалдыру туралы шешімге келді.

Ұқсас жаңалықтар

Почеттино «Мадридті» соңғы онжылдықтағы ең мықты клуб деп атады

admin

1953 жылы Альфредо Ди Стефано «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

admin

Антонио Рүдігер жарақатына байланысты ота жасатуы мүмкін

admin

Пікір жазу