QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Рейньер “Атлетико Минейроға” тегін ауысады: “Реал” 50% құқығын сақтап қалды

Бразилиялық жас футболшы Рейньер Жезус Еуропада өз орнын таба алмағандардың қатарында қалды. Globo Esporte хабарлауынша, шабуылдаушы жартылай қорғаушы енді туған елінің клубы — «Атлетико Минейро» сапында өнер көрсететін болады. Айта кетерлігі, бұл трансфер тегін жүзеге асады.

«Реал» ойыншының трансферлік құқығының 50 пайызын өзінде сақтап қалуға шешім қабылдаған. Бұл корольдік клубтың Рейньерге деген үмітінің әлі де толық сөнбегенін аңғартса керек. Мүмкін, болашақта ол қайтадан еуропалық нарықта сұранысқа ие бола қалар деген ой.

Рейньер 2020 жылы «Фламенго» сапынан «Реалға» 30 миллион еуроға ауысып келген болатын. Ол кезде небәрі 18 жаста еді. Мамандар оны болашақ супержұлдыз ретінде бағалағанымен, испан алпауытының негізгі құрамында бірде-бір матч өткізген жоқ. Оның орнына жалға беру негізінде «Боруссия Дортмунд», «Жирона» секілді  клубтарда ойнады. Бірақ бұл кезеңдер де оның толыққанды ашылуына жол бере алмады.

 

Ұқсас жаңалықтар

ПСЖ мен Мбаппе арасындағы дау: кім кімге қарыз?

admin

Килиан Мбаппе — «Барселонаның» басты қорқынышы

admin

«Реал» «Барселонаның» требл алуына жол бермеуге ниетті

admin

Пікір жазу