QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Франко Мастантуоно: «Реал Мадрид – өмірімдегі ең дұрыс шешім»

Жас аргентиналық талант Франко Мастантуоно Мадридке келген алғашқы күнінен алған әсерімен бөлісті.

Кеше ол «Реал Мадридтің» ойыншысы ретінде алғашқы жаттығуын өткізді. Футболшының айтуынша, бұл күн оның карьерасындағы ең ерекше сәттердің бірі болды:

«Менің алғашқы жаттығуым өте жақсы өтті, мені жылы қарсы алған керемет адамдармен таныстым. Алғашқы күнім үшін өте қуаныштымын, әрі мұндай күндер көп болады деп сенемін».

Мастантуоно сонымен қатар «Реал Мадридтен» ұсыныс алған кезде еш ойланбастан келісім бергенін айтты:

«Реал Мадрид шақырғанда, мен бір секунд та ойланған жоқпын. Бұл — мен қабылдаған ең дұрыс шешім. Мұны айтудың өзі артық, өйткені бәріміз білеміз: «Реал Мадрид» – әлемдегі ең үлкен клуб».

Жас жұлдыздың сөздері оның амбициясын және жаңа командадағы болашаққа деген сенімін көрсетеді. Мадридтік жанкүйерлер енді Мастантуононың жасындай жарқылдаған ойынын көруге үміттеніп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Хаби Алонсо Родриго Гоэс  жайлы сұрақтарға жауап берді

admin

Мажарстан тарихындағы ең үздік футболшы

admin

Ольга Кармона ПСЖ-ға ауысады: Реал Мадрид капитанының жаңа кезеңі

admin

Пікір жазу