QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Баспасөз мәслихатыБасты ақпарат

Арда Гүлер: «Мен өзімді көшбасшы ретінде сезінемін»

«Реал» және Түркия ұлттық құрамасының шабуылшысы Арда Гүлер ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Испанияға қарсы өтетін ойын алдында тілшілер сұрақтарына жауап берді. QazRealMadrid сайты сіздерге Арданың сұқбатын ұсынады.

Әлем чемпионатының жолдамасы жайлы:

Бұл тек менің жеке арманым емес, бүкіл ұлттық құраманың арманы. Біз Әлем чемпионатында өнер көрсеткіміз келеді.

Көшбасшылық қасиеті жайлы:

Мен өзімді командадағы көшбасшы ретінде сезінемін. Достарыма және тәжірибелі ойыншыларға әрдайым көмектесуге тырысамын.

«Реалдағы» әріптестерімен ойын жайлы талқылағанын айтты:

Бұл матчқа дайындық барысында мен Дани Карвахальмен сөйлестім. Оған ойынды қалай қиын өткізетінімізді түсіндірдім, және олар да жағдайды жақсы сезінеді. Ойын өте ауыр өтеді», – деп бөлісті шабуылшы. Ал Мадридке оралғанда әрқашан жеңіске жеткен команданың қатарында болғым келеді.

Ламин Ямаль жайлы ойлары:

Ламин Ямаль —  өте дарынды ойыншы. Біз әртүрлі позицияларда ойнаймыз және стильдеріміз де өзгеше. Ол «Барселона» үшін ойнайды, мен — «Реал» үшін, сондықтан салыстыру түсінемін. Бірақ, бұл ақылға қонбайтын нәрсе. Мен оған тек жақсылық тілеймін.

Еске салайық, Түркия — Испания ойыны қыркүйектің соңында Конья қаласында өтеді. Астана уақыты бойынша басталуы — 23:45.

Ұқсас жаңалықтар

Антонио Рүдігер жарақатына байланысты ота жасатуы мүмкін

admin

Егер “Реал” бүгін “Атлетиктен” жеңілсе, Анчелоттимен қоштасу мүмкін бе?

admin

Испания Супер Кубогіндегі өзгеріс: Экстра-тайм болмайды

admin

Пікір жазу