QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
ЖаңалықтарКлубтың аңыз футболшылары

Мажарстан тарихындағы ең үздік футболшы

Мажарстан тарихындағы ең үздік футболшы

Ференц Пушкаш — футбол тарихындағы “Алтын Добы” жоқ үздік ойыншылардың бірі болып саналады.

Пушкаштың мансабының басталуы:

Ференц өзінің шын атымен ресми түрде тіркелгенге дейін Милош Ковач деген лақап атпен екі жыл өнер көрсетті.

16 жасында Ференц өзінің туған клубы “Кишпешт” сапындағы дебюттік ойынын өткізеді, ол өзінің дриблингімен, техникасымен және сол аяғының күшті соққысымен көзге ерекше түседі. Пушкаш алғашқы 4 маусымында шабуылшы 51 ойын өткізіп, 24 гол соғады.

Пушкаштың мансабының алау оты 1947/48 маусымында жана бастады. Пушкаш сол маусымда 31 ойында 50 гол соқты және алғаш рет Венгрия чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

1949 жылы Мажарстанда үлкен жаңалық орын алды. Кишпешт клубы өздерін әскерлер клубына айналдырып, клуб атауын
«Гонвед» деп өзгертті, бұл «Отан қорғаушы” деген мағынаны білдіреді. Команданың барлық ойыншылары әскери атақтарға ие болды, ал Пушкаш уақыт өте келе майор атағына дейін көтерілді.

1950 жылдан бастап Гонвед ұлттық чемпионатта қатарынан бес рет чемпион атанып, үстемдік ете бастады. Сонымен қатар, Пушкаш тағы үш рет чемпионаттың үздік сұрмергені атанды, клуб сапындағы 348 гол соғады.

Ойыншы Мажарстан сапында 18 жасында дебюттік ойынын өткізеді. Пушкаш үшін құрамамен алғашқы жетістік 1952 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңіс болды.

Пушкаштың Гонведадағы және ұлттық құрамадағы мансабы күтпеген жерден аяқталды: 1956 жылы Мажарстанда Кеңес әскерлері басқан коммунистік үкіметке қарсы көтеріліс болды. Пушкаш пен команда осы сәтте Испанияда “Атлетикомен” Чемпиондар Кубогына қарсы ойнап жатқандықтан, кей ойыншылар отанына оралмауды жөн көрді. Олардың ішінде Пушкашта болды.

Мажарстанда Пушкаш пен оның командаластары Отанына опасыздық жасады және сатқын деп азаматтығынан айырылды, ал ФИФА оларды 18 ай футболдан шектетіп тастады. Футболмен өмір сүретін Пушкаш үшін бұл ауыр соққы болды, ол 20 келі артық салмақ қосып алу жайлы ойлады, бірақ бір сәтте бәрі өзгерді…

Ойыншы агенті оған клуб табады. Ол клуб әрине — Реал Мадрид.

31 жастағы Пушкашқа “Реал” мүмкіндік беріп көрді. Оны қаралымға шақырды,оны өз сапына қосуға күмәнмен қарады: оның жасы,екі жылға жуық дисквалификация, оның артық салмағы команда басшыларына күдік ұялатты. Алайда, керемет соққы мен техниканың арқасында Ференц клуб басшылықтарын оған сенім артып, мүмкіндік беруге көндіре алды.
Екі айдың ішінде ол өзінің физикалық жағдайымен байыпты жұмыс істеді және маусымның басында-ақ ол өзін дәлелді. Испания Чемпионатының алғашқы турында Пушкаш хет-трик жасады.
Ең бастысы, Пушкаш «Реал Мадридтің» көшбасшысы — Ди Стефано үшін тамаша әріптес болды, оның командадағы басты жұлдыз ретіндегі рөліне қарсы шықпады және мүмкіндік болса өзі емес оған гол соғуға жағдай жасады. Пушкаштың дебюттік маусымында екі шабуылшы да бірдей гол соқты. Соңғы ойын, Пичичи анықталуы керек ойын, Пушкаш бос қақпаға гол соқпай, командаласы Ди Стефаноға жай пас беріп, голды Ди Стефано соғып , Пичичи алады.
Алғашқы маусымында Пушкаш “Реал” үшін 25 гол соқты.
Келесі маусымда ол алғаш рет Испания чемпионатының үздік сұрмергені атанды және Чемпиондар Кубогының(қазіргі ЧЛ) финалында шешуші рөл атқарды. Шешуші ойын 1960 жылы Айнтрахтқа қарсы болды, Реал финалда 7-3 есебімен жеңіске жетті, Ди Стефано хет-трик жасады, ал Пушкаш покер жасады.
Пушкаштың келуі командаға үлкен әсер етті, ол команда атмосферасына сініп, нағыз көшбасшы бола алды. 31 жасар Пушкаш Реалға келгенде оған ешкім сенбеген , бірақ ол 262 ойында 239 гол соқты.
Пушкаш “Реалда” өнер көрсетіп, испан азаматтығын алды және 1962 жылы Испаниямен бірге Әлем Чемпионатына барды.

Пушкаш неліктен Алтын Доп ала алмады деген сұрақ жанкүйерлерді мазалайды. “Алтын Доп” жүлдесі ресми түрде 1956 жылдан бастап беріле бастады, Пушкаш ол сәтте 29 жаста және футболдан шектетілген уақыты болды.

Кейінірек , ойыншы өзінің әріптесі Ди Стефаноның көлеңкесінде қалып қойды. Бір жағынан ойыншыға “Алтын Допты” Мажарстаннан қашқаны үшін, яғни сатқын атағы үшін ұнатпағандықтан тілшілер оған дауыс бермеген деседі.

Ұқсас жаңалықтар

Эндриктің «Реалға» ауысуы клуб тарихындағы бразильялықтар санын арттыра түсті

admin

Ольга Кармона ПСЖ-ға ауысады: Реал Мадрид капитанының жаңа кезеңі

admin

«Реал Мадрид» Конате емес, Хёйсенге назар аударып отыр

admin

Пікір жазу