Ойыншы клубта 8-ші нөмерде өнер көрсеткен үздік ойыншылар қатарына өз есімін қоса алады ма? Клубтың үздік 8-ші нөмер иелеріне шолу жасап өтсек.
1. Мигель Муньос
Ол 1948 жылы “Реал Мадрид” ойыншысы атанды. Қорғаушы болғанына қарамастан ол жартылай қорғаушыларға арналған 8-ші нөмерді киді.
2. Хоселито
Хосе Иглесиас Фернандес 1951 жылы “Реалға” ауысты. Ол клуб сапында үздік 8 маусым өткізді.
3.Луис дель Соль
1959 жылы “Бетистен”Реалмен келісімшартқа отырды. Команда сапында 3 маусым өткізгенімен клуб тарихында қалатын ойыншыға айналды.
4.Амансио Амаро Варела немесе жай ғана Аманчо
Амансио — Реал тарихындағы ең үздік ойыншының бірі болып саналады.
5.Пирри
Хосе Мартинес Санчес немесе жай ғана Пирри ретінде белгілі.
Ол Мадридтің Реалында 16 маусым(1964-1980) ойнады, 1976 жылдан бері команданың капитаны, Амансионы 4-ші нөмер иесі деп білгенмен, ол Мадридте 8-ші нөмермен де атақты. Пирри-Реалдың қазіргі құрметті президенті.
6.Рамон Гроссо
Шабуылшы болса да ол алғашқы маусымдарында 8-ші нөмермен өнер көрсетті. 1964 жылы ол Реал Мадридтің алғашқы командасында дебют жасады, кантерано 1976 жылға дейін команда да ойнады.
7.Пол Брайтнер
Неміс футболшысы 1974 жылы «Бавариямен» Еуропа кубогында жеңіске жеткеннен кейін «Реал Мадридпен» келісімшартқа отырды. Жан-жақты футболшы үш маусымда ақ команданы жоғары деңгейде өнер көрсетті.
8. Эмилио Бутрагеньо
Бутрагеньо — Реал тарихында 7-ші нөмер иесі деп танылғанымен, ол Реал ойыншысы ретінде алғашқы маусымдары 8-ші нөмер иесі болған.
9.Бернд Шустер
Неміс жартылай қорғаушысы Барселонамен келісімшартты бұзып, “Реал Мадридке” ауысқан сәтте испан футболында төңкеріс болды. Ойыншы мансабында 8-ші нөмермен ғана өнер көрсеткен, оның ішінде екі маусымда ол Реалдың 8-дігі болып өнер көрсетті.
10.Мишель
Ол 7 маусым бойы 8-ші нөмер иесі болған, дегенмен 1988 жылы ол 8-ші нөмерді жаңа келген Шустерге беріп, 4-ші нөмерде өнер көрсетті.
11.Миятович
1996 жылы «Реалға” ауысқан ойыншыны 1998 жылы Амстердамдағы “Ювентусқа” қарсы Еуропа кубогының финалында голдың авторы ретінде еске алады. “Реал Мадрид” 32 жыл қатарынан жеңе алмаған Еуропа Кубогын клубқа алып берді.
12.Стив Макманаман
Стив Макманаман 1999 жылдан 2003 жылға дейін Реал Мадридте ойнады, әрқашан 8 нөмір иесі болды.
13.Кака
Атақты “Алтын Доп” иесі 2009 жылы келіп, 2013 жылға дейін 8-ші нөмір иесі болды.
14. Тони Кроос
Тони — Реал тарихындағы ең үздік сегізінші нөмер иесі. Ол бұл жейдені 10 маусым қатарынан киді және клуб тарихында ең ұзақ 8-ші нөмерді киген ойыншы атанды.
15. Феде Вальверде
Федерико — сегізінші нөмер иесі ретінде тарихын енді бастаса да, ойыншы 15-ші нөмер иесі ретінде клубта атын қалдырды және бұл нөмерді киген аңыз ойыншылар қатарына кіреді деп ойлаймын.