QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

«Реал Мадрид» эмблемасының тарихы

"Реал Мадрид" эмблемасының тарихы

«Реалдың” эмблемасы оның формасы сияқты бірнеше рет өзгертілген.

1. 1902 жылы 6 наурызда ресми түрде «Мадрид» футбол клубы құрылды (Madrid Football Club), оның алдында клубы аты XIX соңында және XX ғасырлардың басында «Футбол Скай» деп аталды.

«Мадридтің» алғашқы эмблемасы клуб атауының (M, F және C) бас әріптерінің қосындысы болды, олар ақ формада қара көк түсте қолданылды.

2. Эмблема алғашқы өзгерістерін 1908 жылы жасады. Клубтың сол жылғы эмблемасы қазіргі эмблеманың бастауы болды, яғни домалақ пішінге ие жаңа стилистикалық дизайнға ие болды.

3. 1920 жылы 29 маусымда Испан королі Альфонсо XIII «Мадридке» Корольдік атақ пен Реал («корольдік») атағын берді. Клубтың эмблемасы сол кездері Мадрид қаласының елтаңбасына ұқсас тәждің пайда болуымен өзгертілді.

"Реал Мадрид" эмблемасының тарихы

4. Король Альфонсо XIII-ді құлатқаннан кейін , революция нәтижесінде 1931-1939 жылдар аралығында команда қайтадан «Мадрид» футбол клубы деп аталды, ал монархиялық сипаттағы рәміздерді қолдануға тыйым салуға байланысты эмблемадан тәж алынып тастады. Сол кездері команданың эмблемасына Мадрид қаласындағы Кастилия ауданы құрметіне көк жолақ пайда болды.

5. Азаматтық соғыстың аяқталуы және генерал Франсиско Франконың диктатурасының орнауы «Мадридке» корольдік мәртебені және онымен бірге эмблемаға тәжді қайта қайтарды. Сонымен қатар, клубтың эмблемасы түрлі-түсті дизайнға ие болды, онда алтын түстер басым бола бастады. Кастилия жолағы сақталды.

6. Бұл эмблема клубқа бес он жылдан астам уақыт қызмет етіп, кейінірек шамалы өзгерістерге ұшырады. Өз тарихының жаңа тарауын аша отырып, Мадрид ХХ ғасырдың үздік клубының мәртебесіне сәйкес келетін заманауи келбетке ие жаңа эмблеманы (қазіргі) ойлап тапты.

Ұқсас жаңалықтар

«Реал Мадрид» Конате емес, Хёйсенге назар аударып отыр

admin

Родриго – «Реалдағы» болашағы бар ойыншы: Хаби Алонсо пікір білдірді

admin

«Мбаппе әке атана ма?»- деген сұрақ желіде желдей есті. Алайда шындық басқаша болып шықты

admin

Пікір жазу