QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарКлубтың аңыз футболшылары

«Сантьяго Бернабеуде» өткен ойынның әр жетінші минутында жанкүйерлер «Реалдың» жетілігіне арнап ән шырқайды

"Сантьяго Бернабеуде" өткен ойынның әр жетінші минутында жанкүйерлер "Реалдың" жетілігіне арнап ән шырқайды

«Сантьяго Бернабеуде» өткен ойынның әр жетінші минутында жанкүйерлер «Реалдың» жетілігіне арнап ән шырқайды. Ол Раульде емес, Роналуда да емес. Ол — Хуанито🔥

Сіз білмейтін «Реалдың» нағыз символы. Мүмкін әрбір үлкен клуб тарихында гол салмайтын, керемет финт жасамайтын, нәтижелі пасты аз беретін, бірақ жанкүйерлер оны барлығынан артық жақсы көретін ойыншы бар шығар. Ондай ойыншы біздің клуб сапында болған, ол әрине- Хуанито.

Бір қызығы «Реалдың» жанкүйерлері қатты жақсы көрген Хуанито бала кезінде Мадридті иттің етінен жек көрген. Оның «Реалға» деген махаббаты 17 жасынан бастау алған. «Сантьяго Бернабеуге» барған ойыншы осы жерде өнер көрсетсем деп армандаған. Ол ақыры өз дегеніне жетті, ойыншының «Барселонаның» ұсынысын қабыл алмағанын естіген жанкүйерлер оны жақсы көрді. Ал, одан кейін Хуанито алғашқы сұқбатында-ақ бір сөзімен миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алды: «бұл жерге кіру- жұмаққа кіреумен бірдей. Егер, маған әлемнің ең үздік клубын таңда десе- Реалды, ал үздік қаланы таңда десе- Мадридті таңдар едім».

Хуанито — «Реал Мадридте» 10 жыл өнер көрсетті, шабуылшы. Ойыншы «Реалға» келгенде клуб үлкен күйреу алдында болды. Қанша жыл Еуропаны бағындырған Пушкаш, Ди Стефано секілді алпауыт ойыншылардың дәуірінен кейін Мадридке аяққа тұру қиынға соқты. Еуропаға «Аякс», «Бавария» секілді клубтар келсе, Испанияда Кройффтың «Барселонасы» аяққа тұра бастаған кезеңдер. Осы жағдайды қолға алу керек болды және Хуанито бірден іске кірісіп кетті. Ол көшбасшыға ұқсамады, сол жылдары «Реалда» Штилике, Бутрагеньо, Висенте дель Боске секілді жұлдыздар болды, бірақ жанкүйерлер Хуанитоны жақсы көрді. Ол жанкүйерлермен қосылып, жеңіске жеткісі келді. Шынымен, ол жеңілісті ұнатпайды. Оған оның қызының сөзі дәлел бола түседі: » «Реал» өз алаңында 0:2 есебімен жеңілгенде, біздің үйде өлі тыныштық орнады. Ешкім жақ ашпады, ол жеңілгенді ұнатпайды, тіпті жай карта ойынында да жеңілмейді».

Хуанито келген соң, клуб жақсара түсті. Ол ойнаған 10 жыл ішінде клуб өз қалпына келді. Жүздеген камбэктер орын алды, тіпті 15 жыл көрмеген Кубоктардың иісі «Сантьяго Бернабеуде» шыға бастады. Ойыншы жетінші нөмірмен өнер көрсетті, ол алаңға көп шықты. Иә, ол гол көп салмағанымен, бірақ Ла Лиганың үздік сұрмергені болды(1983/1984).

Ол ешкімнен қорықпайтын, команданы рухтандыра түсетін. Шабуылшы Хорхе Вальданоның айтуынша: «біз үнемі сырт алаңда жеңіске жететінбіз, ал өз алаңымызда ұтылып қалатынбыз. Бір күні «Андерлехтпен» болған ойында, ішке Хуанито келіп бізді жерден алып жерге салды. Ұрысты, ақырды. Бірақ, оның сөздері шынымен бізді рухтандырды. Ол «Сантьяго Бернабеуге» немқұрайлы қарамады. Хуанито үшін біздің клуб, жанынан да артық еді».

Хуанитоның «Реалдағы» соңғы жылы.

Бұл жылдар 1986/1987 жылдар «Бавария» клубына қарсы жартылай финал. 37-ші минутта Лотар Маттеус  «Реалдың» қорғаушысы Чендоға қарсы өте ерсі ойнаған сәтте, Хуанито шыдай алмады. Алғаш Чендо неміс ойыншысын өзі шалды, артынша сабырсыз Хуанито келіп Лотар Маттеустің қабырғасынан бір тепті, сол ойындағы төреші Боб оны ажыратпақ болғанда, Хуанито жерде жатқан Маттеустің бетінен бутсамен тағы бір тепті. Ойыншы алаңнан қызыл қағаз алып қуылды, бірақ сондада ол алаңнан кетпеген соң, арнайы адамдардың көмегімен әрең дегенде кетті. Екі- үш күннен соң Хуанито Лотар Маттеуске кешірім ретінде, қызыл мата жібереді. Бірақ, ойыншы еурокубоктык ойындардан бес жылға шектетілді. «Реал Мадрид» ойыншыға өте ашулы болды, тіпті айыппұл салып, сол жылдың соңында «Малага» сапына ауыстырып жіберді. Міне, ойыншының «Реалдағы» 10 жылының аяғы осылай бітті. Жанкүйерлер клуб басшылықтарына қарсы назарылыққа шықты, әр ойында трибунадан «Хуанитоны қайтар!»,- деген ыза сөздерді естіді.
Хуанито «Малагада» көп тұрақтамады, бірнеше жыл ойнап, ойыншы мансабын аяқтады.
Ол «Реалдың» бапкері болғысы келетін, тіпті ол үшін дайындалып жүрді. Алайда, ол 1992-ші жылы бірінші сәуірде «Ториноға» қарсы өткен ойынға барды. Ойыншы сол ойынды теледидардан қараса да болар еді. Бірақ, ол «Сантьяго Бернабеуді» барлық жүрегімен жақсы көрді. Ойыннан соң ол клуб ойыншыларымен қоштасты💔

Жүрегі сезгендей «Сантьяго Бернабеуде» біраз уақыт жалғыз қалып, стадионмен қоштасты. Үйіне аттанар жолда Хуанито жол апатына ұшырап, көз жұмды. Оның қазасы Мадрид жанкүйерлеріне ауыр тиді, Мерида қаласында жұмыс пен оқушылардың сабағы тоқталды. Барлық Испания қаласы ойыншыны о дүниеге шығарып салды.

Қазір «Сантьяго Бернабеуде» өткен ойындардың жетінші минутында жанкүйерлер: «Illa Illa Illa Juanito Maravilla» («Хуанито сиқыр жасайды») және артынша «Arriba, arriba arriba, arriba con este balon, que Juanito lo prepara, que Juanito lo prepara y Santillana mete gol» («Төбеге, төбеге, төбеге көтерген Хуанитоның добымен Сантильяна гол соқты»), — деп ұрандатады.

Ұлы Хуанитоның керемет сөзі: «Сантьяго Бернабеуде өткен 90 минут- қарсыластар үшін тозақпен тең».

Ұқсас жаңалықтар

Роберто Карлос «Реалдың» жаттығу базасында тұрып жатыр

admin

«Мбаппе әке атана ма?»- деген сұрақ желіде желдей есті. Алайда шындық басқаша болып шықты

admin

Испания Супер Кубогіндегі өзгеріс: Экстра-тайм болмайды

admin

Пікір жазу