Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы сенімді ойынымен 6:1, 6:4 есебімен ұтты.
Бұл жеңіс Рыбакинаның мықты спорттық бабында екенін тағы бір дәлелдеді. Бірінші сетте ол қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, жеңісті оңай еншілесе, екінші сетте де өз артықшылығын сақтап, матчты сенімді түрде аяқтады.
Енді қазақстандық жұлдыз жартылай финалда польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі.
