“Реал Мадрид” бас бапкерінің “Мальоркаға” қарсв

ойын алдындағы баспасөз мәслихаты.
•Біз “Мальоркаға” үлкен құрметпен қараймыз. Бірақ біздің басты мақсатымыз – Испания Суперкубогының финалына шығу. Ертең бізді өте қиын ойын күтіп тұр. “Мальорка” ойыншылары шеберлігімен ерекшеленеді, сондықтан олар бізге қиын қарсылас болады.
•Қазір біздің команда айтарлықтай жақсарғанын көріп отырмын. Әрбір ойында өзіндік қиындықтар мен мәселелер болады, бірақ мен бұл жайында алаңдамаймын, өйткені біздің жігіттер мұндай матчтарда жақсы өнер көрсетеді. Ертең мотивация мен жанкештілік жағынан ешқандай қиындық болмайды.
•Винисиусты Ла Лигада 2 матчқа дисквалификациялау шешімі? Әділетсіз әрі қате. Әркімнің өз пікірі бар, бірақ маған Винисиустың бастан өткеріп жүрген қорлаулары мен жәбірлеулерін ұмытып кететін адамдар шаршатты. Оның мінез-құлқы? Біз Винидің барлық қырына өте ризамыз.
•Алаба өзін жақсы сезінеді. Оны жақын арада алаңда көре аламыз.
•Барселонаның Ольмо мен П. Викторды Ла Лигаға тіркеудегі мәселелері? Мен бұл тақырыпты талқылағым келмейді. Ертеңгі кездесуге қатысты ғана пікір білдіре аламын.
