QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

30 миллион еуро: ақталмаған үміт

«Реал Мадрид» Рейниер Жезуспен арадағы келісімшартты уақытынан бұрын бұзуы мүмкін. Себеп – жазғы трансферлік кезеңде оған бірде-бір нақты ұсыныс түспеуі.

2020 жылы испан алпауыты бұл бразилиялық талантты «Фламенгодан» 30 миллион еуроға сатып алған еді. Алайда күткен нәтиже орындалмады.

Өткен маусымда Рейниер небәрі 1401 минут ойнап, 25 кездесуде 1 гол соғып, 4 нәтижелі паспен шектелді. Қазіргі таңда ол Бразилияда жүр және Мадридке оралу ниеті байқалмайды. Соған қарамастан, келісімшарт мерзімі аяқталғанша клуб құрамында қалып, толық жалақысын алуға мүдделі.

Оғае «Фламенго» және «Ботафого» клубтарының қызығушылығы жайлы естілді. Бірақ олар да тек жалға алуға әзір.

Ұқсас жаңалықтар

«Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасындағы күнтізбе анықталды

admin

Талабы тым жоғары: «Реал» Винисиуспен жаңа келісімшарт туралы келіссөздерді ақпанда тоқтатты

admin

Давид Алаба: «Сантьяго Бернабеудегі» соңғы күз

admin

Пікір жазу