QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Антонио Рүдігер жарақатына байланысты ота жасатуы мүмкін

«Реал Мадрид» клубының сенімді қорғаушысы Антонио Рүдігер бірнеше ай бойы сол аяғының тізе жарақатымен ойнап жүргені белгілі болды. Осы уақытқа дейін қолданған емдік шаралар нәтиже бермеді. Жарақат толық жазылмағандықтан, клуб дәрігерлері мен басшылық жақын арада футболшыға ота жасау мүмкіндігін қарастырады.

Чемпиондар лигасындағы жорығы аяқталған соң, команда жаңа маусымға жоспар құруды бастады. Осы маусымда бірнеше негізгі қорғаушының жарақат алуы команданың ойын деңгейіне айтарлықтай әсер еткені жасырын емес. Сондықтан да жаңа маусымда барша қорғаушылардың физикалық тұрғыдан толық дайын болғаны өте маңызды.

Ағымдағы маусымда Рүдігер «Реал» сапында 47 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, қорғаушы 7 рет сары қағаз алып, агрессиялық ойын стилімен көзге түсті. Қорғаныстағы сенімді ойынымен танылған неміс ойыншысының денсаулығы алдағы маусымда команда үшін шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Карло Анчелотти салықтан жалтарды деп танылып, бір жыл шартты жаза алды

admin

«Реал» «Барселонаның» требл алуына жол бермеуге ниетті

admin

Ибраима Конате: “Ливерпуль” қорғаушысын сатуға мәжбүр болуы мүмкін

admin

Пікір жазу