QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарКлубтың аңыз футболшылары

Эндриктің «Реалға» ауысуы клуб тарихындағы бразильялықтар санын арттыра түсті

Эндриктің «Реалға» ауысуы клуб тарихындағы бразильялықтар санын арттыра түсті

Эндриктің «Реалға» ауысуы клуб тарихындағы бразильялықтар санын арттыра түсті. Клубтың тарихында болған бразильялықтарға тоқтала өтсек:

1. Фернандо Джудичелли (1935-1936 маусым) — клубтағы алғашқы бразильялық ойыншы, тек бір ғана ойын өткізді.

2.Дарси Силвейра дос Сантос «Канарио» (1959 – 1962) — клубта 28 ойын өткізді, 6 гол соқты.

3.Валдир Перейра «Диди» (1959-1960) — клубтағы алғашқы қара нәсілді ойыншы, Әлем Чемпионы ретінде келді, 19 ойын өткізді, 6 гол соқты.

4.Эваристо де Марсело Фильо (1962-1964) — 24 ойын, 7 гол.

5.Рикардо Роберто Баррето де Роша (1991-1993) — 88 ойын.

6.Клаудемир Витор (1993-1994) — 3 ойын

7.Роберто Карлос (1996-2007) — клуб тарихындағы ең үздік сол қаптал қорғаушының бірі, пушка иесі, 527 ойын, 70 гол.

8.Зе Роберто (1997-1998) — 21 ойын, 1 гол.

9.Савио Бортолини Пиментел (1997-2002) -160 ойын, 30 гол.

10.Родриго Фабри (1998-2003) — 5 жыл ішінде Реалда ресми ойындар өткізбеді.

11.Жулио Сезар (1999-2001) — 33 ойын өткізді.

12.Флавио Консейсао (2000-2004) — 74 ойын,2 гол.

13.Роналдо — Эль-Феномен, «Реалдың» тарихына кірген шабуылшы, 177 ойын, 103 гол.

14.Жулио Сезар Баптиста (2005-2008) — 78 ойын, 13 гол.

15.Сисиньо (2005-2007) — 32 ойын, 3 гол.

16.Робиньо (2005-2008) — 137 ойын, 35 гол.

17.Эмерсон Феррейра (2006-2007) — 34 ойын, 1 гол.

18.Марсело(2007-2022) — клуб тарихындағы ең үздік сол қаптал қорғаушының бірі, 546 ойын, 38 гол.

19.Кака (2009-2013) — 120 ойын, 29 гол соқты.

20.Каземиро (2012-2022)- клуб тарихындағы ең үздік тіреушінің бірі,336 ойын, 31 гол.

21.Лукас Сильва (2015-2019) — 9 ойын өткізді. Қысқы трансферде сатылынып алынды, 2015 жылдың жазынан жалға беріліп, 2019 жылы клубтан кетті.

22.Данило(2015-2017) -56 ойын өткізіп, 3 гол соқты.

23. Винисиус Жуниор(2018 және қазірге уақытқа дейін)

24. Родриго Гоэс(2019 және қазіргі уақытқа дейін)

25. Эдер Милитао(2019 және қазіргі уақытқа дейін).

26.Эндрик — бүгіннен бастап😉

Ұқсас жаңалықтар

«Мбаппе әке атана ма?»- деген сұрақ желіде желдей есті. Алайда шындық басқаша болып шықты

admin

Мажарстан тарихындағы ең үздік футболшы

admin

Тео Эрнандес қайта орала ма? «Реалдың» жоспары басқа

admin

Пікір жазу