QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Флориан Вирц: Жазғы трансфер нарығының басты нысанасы

 Жазғы трансферлік кезең жақындаған сайын Еуропаның алпауыт клубтары жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Бұл жолы назарда – «Байер Леверкузеннің» жас жұлдызы Флориан Вирц.

BILD мәліметінше, 21 жастағы жартылай қорғаушы өзінің келесі клубы ретінде «Реал Мадридті» таңдауға ниетті. Мадридтік ұжым — Вирцтің басты таңдауы. Ал екінші орында – «Манчестер Сити», үшінші орында – «Бавария».

Оның бұл шешімі таңғаларлық емес. Себебі ойын мәнері мен болашаққа деген көзқарасы «Реалдың» философиясына сай келеді. Корольдік клуб соңғы жылдары Тони Кроос пен Лука Модричтің лайықты ізбасарларын іздеумен айналысып келеді. Осы орайда, Флориан – тамаша үміткер.

Дегенмен, Вирцтің қазіргі клубы – «Байер» оны оңайлықпен жібере қоймайды. Футболшының келісімшартында 125 миллион еуро көлеміндегі сатып алу бабы бар. Неміс клубы бұл сомадан бір еуро да төмен түспейтінін алдын ала ескертіп отыр.

Флориан Вирцтің болашағы – алдағы жазда трансферлік нарықтағы ең қызу талқыланатын тақырыптардың бірі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Бавария» Родриго Гоэс үшін таласқа араласады

admin

1953 жылы Альфредо Ди Стефано «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

admin

«Мбаппе әке атана ма?»- деген сұрақ желіде желдей есті. Алайда шындық басқаша болып шықты

admin

Пікір жазу