QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Гонсало Гарсияның корольдік клубтағы болашағы бұлыңғыр емес

«Реалдың» жаңа жұлдызы негізгі құрам үшін күресті жалғастыра ма? Соңғы уақытта жас шабуылшы Гонсало Гарсия «Реал Мадрид» жанкүйерлерінің көзайымына айналып, жарқ еткен талант ретінде танылып келеді.

Килиан Мбаппенің сырқатына байланысты АҚШ-та өтіп жатқан Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде бас бапкер Хаби Алонсо Гарсияға негізгі құрамнан орын беріп, сенім артты. Кантерано бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, сенімді ақтады. Алайда шабуыл шебінде Винисиус пен Мбаппе секілді жұлдыздар бар екенін ескерсек, Гарсия үшін тұрақты түрде негізгі құрамда ойнау оңайға соқпасы анық.

Осыған байланысты жазда Гарсия өзге клубқа ауысуы мүмкін деген қауесеттер тарай бастады. Дегенмен The Athletic басылымы Гонсало осы жазда да «Реалда» қалуға ниетті екенін хабарлайды. Бұл ақпаратты ойыншының жақын айналасындағы адам растаған екен:

«Мен оның «Реалда» қалатынына сенімдімін», – дейді дереккөз.

21 жастағы Гарсия осы маусымда «Кастилья» сапында 36 ойын өткізіп, 25 гол соғып  және 4 нәтижелі паспен көзге түсті. Ал негізгі команда да 7 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 ассист авторы атанды. Клуб басшылығы мен жанкүйерлер оның қарым-қабілетін жоғары бағалап отыр. Хаби Алонсо да «Ла Фабрика» түлегіне сенім артып, оған өз мүмкіндігін беруге тырысып жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Эль-Класикода алаңнан қуылған ойыншылар мен олардың әрекеттері белгілі болды

admin

Карло Анчелотти салықтан жалтарды деп танылып, бір жыл шартты жаза алды

admin

Мажарстан тарихындағы ең үздік футболшы

admin

Пікір жазу