Соңғы апталарда футбол әлемінде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – Родриго Гоэстің болашағы. Бразилиялық шабуылшыны бірқатар еуропалық клубтар өз сапына қосуға мүдделі екені айтылып жүр. Осыған байланысты «Реал Мадрид» командасының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо Родригоның қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді.
Родриго жайлы сұрақтарға тоқтала кетсем… Мен оның жағдайын белгілі бір шекке дейін ғана айтып бере аламын. Не болғанын жақсы білемін. Маусымның соңы ол үшін оңай болған жоқ. Ол біраз уақыт тынығып, қайта күш жинауға мәжбүр болды. Біз алғашқы күннен бастап сөйлесіп жүрміз. Қазір оның алаңға қайта оралып, командаға пайдасын тигізуге деген ынтасы жоғары екенін байқадым, – деді Алонсо.
Испандық маманның айтуынша, Родриго мен бапкерлік штаб арасындағы қарым-қатынас ашық әрі сенімді форматта өрбіп келеді.
Біз бұл жайында талай мәрте сөйлестік, пікір алмастық. Ол ойыннан ләззат алғысы келеді, ал біз соған мүмкіндік жасауымыз керек. Енді бұл әңгімені іске асыратын уақыт келді, – деп түйіндеді Хаби Алонсо.
Айта кетейік, Родриго Гоэс қазіргі таңда Еуропаның бірнеше ірі клубтарының назарында. Ол болашағы жайлы КӘЧ аяқталған соң шешім қабылдайды деп күтілуде.