QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Италияда жүрген ойыншылар жазда командаға қайта оралады деп күтілуде

 

«Реал» Нико Пасты «Комо» клубынан 9 миллион еуроға кері сатып алмақ. Бұл жағдай дәл қазір «Милан» сапында өнер көрсетіп жүрген оң қаптал қорғаушы Алекс Хименеске де қатысты. Мадридтіктер оның трансферлік құқығын дәл сондай сомаға қайтаруды жоспарлап отыр.

Нико Пас жартылай қорғаныста өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Жалпы клуб ішінде оның талантынан ешкім күмәнданған емес. Бас бапкер Карло Анчелотти 2023 жылы: «Нико – академиядағы ең дарынды ойыншы», – деп атап өткен болатын. Аргентиналық футболшы тәжірибе жинау үшін шетелдік клубқа ауысуды дұрыс шешім деп тауып, жаңылыспады.

Ал, Алекс Хименес «Миланға» 5 миллион еуроға сатылғанымен, «Реал» оны қайта сатып алу құқығын сақтап қалды. 19 жастағы испандық футболшы қорғаныстың екі қапталында да сенімді ойнай алады және шабуылға жиі араласады. Қазіргі таңда ол клубтың қажетті ойыншылар тізіміне енген.

Екі ойыншы да жаңа маусым алдындағы дайындықты бапкер Хаби Алонсоның қол астында өткізеді. Жаттығу мен бақылау матчтарынан кейін олардың болашағы туралы нақты шешім қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Федерико жаңа маусымнан бастап 8-ші нөмерде өнер көрсетеді

admin

Анчелотти: Алаба өзін жақсы сезінеді. Оны жақын арада алаңда көре аламыз.

admin

«Сантьяго Бернабеуде» өткен ойынның әр жетінші минутында жанкүйерлер «Реалдың» жетілігіне арнап ән шырқайды

admin

Пікір жазу