Мадридтік клуб трансферлік нарықтағы жоспарларын қайта қарастыруда. Журналист Рамон Альварестің мәліметінше, «Реал Мадрид» жақында «Ливерпульден» қорғаушы Ибраима Конате бойынша ақпарат сұратқан. Алайда ағылшын клубы ойыншы үшін 80 миллион еуро талап еткен. Бұл баға «Реалды» таңғалдырғаны сөзсіз, себебі Конатенің келісімшарты небәрі бір жылдан кейін, яғни 2026 жылы аяқталады.
Осы жағдайды ескере отырып, мадридтіктер асықпай, француз футболшысын сол жылы еркін агент ретінде алу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Ал қазіргі таңда «Реал» испандық жас қорғаушы Дийн Хёйсенді қатарға қосуды көздеуде. Клуб бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Борнмут» қорғаушысының келісімшартында 58 млн еуро көлемінде сатып алу бабы бар.
Алайда клубтың басты мақсаты — орталық қорғаушыны сатып алу кезінде келісімшарттағы төлем мөлшерін, сондай-ақ делдалдарға төленетін комиссияны барынша азайту.
