Килиан Мбаппенің анасы Файза Ламари «Реал Мадридтан» ешқандай ақша алмайды. «Барселонаға» жақын кейбір БАҚ Файза Ламари жыл сайын «Реал Мадридтан» 4,5 миллион еуро алады деп хабарлаған. Алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Шын мәнінде, Килиан Мбаппе жалақысының бір бөлігін (шамамен 4,5 млн еуро) анасына өзі аударады. Бұл қаражат «Реал Мадридтің» бюджетінен емес, ойыншының жеке табысынан берілетін қаржы болып табылады. Сонымен қатар, бұл қаражат анасының жеке пайдасына емес, мұқтаж балаларға көмектесетін қайырымдылық қорына бағытталады.
Осылайша, Мбаппенің табысы мен қайырымдылық әрекеттері кейбір БАҚ тарапынан бұрмаланып көрсетілген.
