QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Родриго Гоэс: Кетуге есік ашық

Мадридтік «Реал»  басшылығы шабуылшы Родригоның болашағына қатысты мәселені жақын арада шешуді көздеп отыр. Қазіргі таңда ойыншыға байланысты клуб ешқандай ресми ұсыныс алған жоқ. Алайда басшылық құрам Родригоның өзі келіп, өз жағдайын түсіндіріп беруі керек деп есептейді. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.

 

Команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо Родригоның негізгі құрамдағы орнына күмән келтіріліп отыр. Яғни, оның келесі маусымда алаңға тұрақты түрде шығып, негізгі құрам ойыншысы болуы екіталай.

 

 «Реал Мадридтің» ұстанымы айқын: клубтан кеткісі келетіндерге есік ашық, тек нақты ұсыныс әкелуі тиіс. Егер бұл ұсыныс клуб талаптарына сай болса, оның кетуіне ешқандай кедергі болмайды. 

Ұқсас жаңалықтар

«Реал Мадрид» Еуролигадан шығып, «NBA Europe» жобасына қосылады

admin

Испания Супер Кубогіндегі өзгеріс: Экстра-тайм болмайды

admin

Талабы тым жоғары: «Реал» Винисиуспен жаңа келісімшарт туралы келіссөздерді ақпанда тоқтатты

admin

Пікір жазу