QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Талабы тым жоғары: «Реал» Винисиуспен жаңа келісімшарт туралы келіссөздерді ақпанда тоқтатты

Биыл ақпан айында «Реал Мадрид» бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниормен жаңа келісімшарт бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерді уақытша тоқтатыпты-мыс. Бұл шешім футболшының қойған қаржылық талаптарынан кейін қабылданған екен.

Винисиус клуб басшылығына жылына салықтан кейінгі таза 20 миллион еуро табыс алғысы келетінін, сондай-ақ бұрынғыдай жалақысының кезең-кезеңімен өсіп отыруын қалайтынын жеткізген. Алайда бұл ұсыныс «Реал» басшылығы үшін ауыр тиді, сол себепті тараптар келіссөздерді тоқтатуға мәжбүр болды.

Келіссөздерді қайта жандандыру 2026 жылдың басына, яғни қазіргі келісімшарттың аяқталуына бір жарым жыл қалғанда жоспарланып отыр.

Дегенмен, жылына 20 миллион еуро көлеміндегі жалақы «Реал» үшін әлі де күрделі мәселе болып тұр. Мұндай талап орындалған жағдайда Винисиус командадағы ең көп жалақы алатын ойыншы атанып, тіпті Килиан Мбаппеден де озып кетеді. Ал клуб бұған жол бергісі келмейді.

Айта кетерлігі, қазіргі жағдайда Винисиустың бастапқы талаптарынан бас тарту ықтималдығы жоғары. Себебі жарты жыл бұрын оның қолында Сауд Арабиясынан түскен қомақты ұсыныс бар болатын — дәл сол ұсыныс оған келіссөздерде басымдық беріп тұрған. Қазір мұндай мүмкіндік жоқ, сол себепті екі тарап тең жағдайда диалогты қайта бастай алады.

Алайда Винисиустың клубтағы болашағына қатысты сұрақтар әлі де бар. Оның ойыны Хаби Алонсо келесі маусымда енгізуді көздеп отырған жаңа тактикалық жүйеге қаншалықты сай келетіні белгісіз. Бұл мәселе тек Винисиусқа ғана емес, Мбаппеге де қатысты болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Реалдың» алты сағаттық азабы және АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына күмән

admin

«Мбаппе әке атана ма?»- деген сұрақ желіде желдей есті. Алайда шындық басқаша болып шықты

admin

Федерико жаңа маусымнан бастап 8-ші нөмерде өнер көрсетеді

admin

Пікір жазу