Венесуэланың екінші дивизионында өнер көрсететін «Реал Фронтера» клубы Винисиус Жуниорға өте ұқсас блогерді командасына қосты.
23 жастағы Ринкон кәсіби футболдағы алғашқы қадамын жасағалы отыр. Бұған дейін ол тек әлеуметтік желілерде 1,2 миллион жазылушысы бар контент жасаумен айналысқан.
Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер оны сәтті маркетингтік қадам деп бағаласа, басқалары клубтың өз академиясындағы таланттарға мүмкіндік бермей, «цирк» ұйымдастырып отыр деп сынға алды. Клуб тарапынан ресми мәлімдеме әлі жоқ.
