Испания футболының басты додалары шешуші кезеңге таяп келеді. Алда — Кубок финалы, онда Мадридтік «Реал» өз қарсыласы «Барселонаның» маусымды треблмен (үш бірдей трофеймен) аяқтауына тосқауыл қоюға бел буып отыр.
Қазіргі уақытта «Барселона» Ла Лиганың көшін бастап келеді, Чемпиондар лигасында жартылай финалға шыққан және Суперкубокты да қанжығасына байлаған. Енді олар Испания Кубогын ұтып, маусымды толыққанды жеңіспен аяқтауға жақын. Алайда, бұл жоспарға корольдік клубтың ойыншылары қарсы. «Реалдың» футболшылары үшін бұл тек кезекті финал ғана емес – бұл маусымды құрқол аяқтамаудың соңғы мүмкіндігі.
Анчелотти шәкірттері бұл кездесуде барын салуға әзір. Клуб ішінде де, жанкүйерлер арасында да бұл ойынға үлкен үміт артылып отыр. Ойыншылар үшін тек трофей ғана емес, басты қарсыласына тұсау салу да үлкен мотивацияға айналған.
Испания Кубогының финалы тек бір трофей үшін күрес емес – бұл екі ұлы клуб арасындағы тарихи бәсекенің тағы бір маңызды тарауы болмақ.