QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Байер» директоры Карро: «Хаби Алонсоның болашағы жақын арада белгілі болады»

«Байер» клубының бас директоры Фернандо Карро бас бапкер Хаби Алонсоның болашағына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, шешім алдағы 3-4 апта ішінде қабылдануы тиіс.

«Хаби Алонсоның болашағы келесі 3-4 аптада шешілуі керек», – деді Карро.

Сонымен қатар, ол «Реал Мадридпен» арадағы қарым-қатынастың жақсы деңгейде екенін атап өтті:

«Бізде «Мадридпен» керемет қарым-қатынас бар».

Алонсоның келісімшартында ресми түрде көрсетілген өтемақы сомасы болмаса да, клуб пен бапкер арасында джентльмендік келісім бар:

«Алонсоның келісімшартында өтемақы сомасы көрсетілмеген. Бірақ біз Хабимен джентльмендік келісім жасадық – егер оны кезінде өзі ойнаған клуб шақыратын болса, біз бірге отырып сөйлесеміз және кедергі келтірмейміз».

Айта кетейік, Хаби Алонсоның есімі соңғы уақытта «Реал Мадридтің» болашақ бапкері ретінде жиі аталып жүр. Оның қазіргі клубымен жарқын маусым өткізуі бұл қызығушылықты одан әрі арттырған.

Ұқсас жаңалықтар

Левандовски: «Реал Мадридте» неге Ямаль жоқ? Оларға өз жолдарымен жүрген абзал».

admin

«Реал Мадрид» эмблемасының тарихы

admin

Италияда жүрген ойыншылар жазда командаға қайта оралады деп күтілуде

admin

Пікір жазу