Соңғы уақытта БАҚ беттерінде «Реал Мадрид» клубы «Атлетик Бильбаоның» жартылай қорғаушысы Нико Уильямсқа қызығушылық танытып, ойыншының 58 миллион еуро көлеміндегі өтемақысын төлеуге дайын екені туралы хабарламалар тараған болатын.
Алайда бұл ақпаратты әйгілі испандық тележүргізуші Хосеп Педрероль жоққа шығарды. Оның айтуынша, мадридтік клуб Нико Уильямсқа ешқашан қызығушылық білдірмеген.
Педрерольдің мәлімдеуінше, бұл қауесетті «Атлетик» клубы мен футболшының айналасындағы адамдар әдейі таратқан. Мақсат — ойыншының айналасында дүрбелең туғызып, оған ірі клубтар тарапынан қызығушылық барын көрсету арқылы трансферлік құнын арттыру.
Болжам бойынша, бұл әрекет Никоны алдағы уақытта жоғары бағамен сату немесе келіссөздер кезінде тиімді шарттар жасау үшін жасалған.
Осылайша, Нико Уильямстың «Реалға» ауысуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып отыр.