QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Әлем спорт жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

Диогу Жота мен оның інісі жол апатынан қаза тапты

Атақты португалиялық футболшы, «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Диогу Жота інісімен бірге жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға Испанияның Самора провинциясында орын алған.

Жолаушы көлігінде Жотамен бірге оның туған інісі — 25 жастағы Андре Силва да болған. Ол Португалияның 2-дивизионында кәсіби футболшы ретінде ойнаған. Өкінішке қарай, екі ағайынды да сол сәтте көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан көлік бірден жанып кетіпті. Оқиға орнына келген Испанияның шұғыл қызметі (112) көмек көрсете алмадыы. Жота мен оның інісі апат орнында жан тапсырды.

Диогу Жота — халықаралық аренада танымал футболшы, Португалия құрамасының негізгі ойыншысы, «Ливерпуль» клубымен Англия Премьер-лигасының жеңімпазы. Ал оның інісі Андре Силва да кәсіби спорт жолын қуып, футболға өмірін арнаған еді.

Футбол әлемі бұл қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдап отыр. Жанкүйерлер, командаластары мен бүкіл спорт қауымдастығы жақындарынан айырылған отбасына қайғырып, көңіл айтуда.

Ұқсас жаңалықтар

«Сантьяго Бернабеуде» өткен ойынның әр жетінші минутында жанкүйерлер «Реалдың» жетілігіне арнап ән шырқайды

admin

Карло Анчелотти: Соңғы жылдары екі рет ЧЛ жеңген жігіттерге тек алғыс айтамын

admin

«Реалдың» алты сағаттық азабы және АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына күмән

admin

Пікір жазу