QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Баспасөз мәслихатыБасты ақпаратЖаңалықтар

«Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасындағы күнтізбе анықталды

Мадридтік «Реалдың» 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы барлық ойындарының мерзімдері белгілі болды. Топтық кезеңнің алғашқы матчы 16 қыркүйекте өтеді. Корольдік клуб алғашқы турда «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал» Францияның «Олимпик Марсель» клубын қабылдайды.

Қазақстан жанкүйерлері ерекше күткен кездесудің күні де нақтыланды. 30 қыркүйек күні мадридтіктер Алматыда жергілікті «Қайратпен» кездеседі. Бұл матч кешкі 21:45-те басталады.

22 қазанда «Реал» өз алаңында «Ювентуспен» күш сынасады, ал 4 қарашада «Энфилдте» «Ливерпульге» қонаққа барады.
26 қарашада тағы бір сырт алаңдық сынақ күтіп тұр — Пирейдегі «Олимпиакоспен» ойын. Желтоқсанның 10-ы күні мадридтіктер басты бәсекелестердің бірі «Манчестер Ситиді» қабылдайды.
Қаңтар айында екі маңызды матч бар: 20 қаңтарда «Монакомен» өз алаңында ойнаса, ал 28 қаңтарда Португалияда «Бенфикаға» қарсы топтық кезеңді қорытындылайды.

Айта кетейік, мадридтік «Реал» – Чемпиондар лигасын ең көп жеңіп алған тарихтағы жалғыз клуб. Испан алпауыты турнирде 15 мәрте жеңімпаз атанып, әлем футболының тарихында рекорд орнатқан. Алдағы маусымда Хаби шәкірттері бұл атақты тағы да толықтыруды мақсат етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Федерико жаңа маусымнан бастап 8-ші нөмерде өнер көрсетеді

admin

1953 жылы Альфредо Ди Стефано «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

admin

Родриго Гоэс: Кетуге есік ашық

admin

Пікір жазу