QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Тренттің болашағы қыл үстінде

Футболда тәжірибе мен жастықтың қақтығысы әрқашан қызық. «Реал Мадридтің» оң қапталында дәл сондай күрес басталғалы тұр. Дани Карвахальдың жарақаттан кейін қатарға қосылуы Трент Александер-Арнольдтың болашағына бұлт үйіргендей болды. Карвахаль — сан мәрте финалдарда шыңдалған, өз орнын дәлелдеген ойыншы. Бапкердің сенімі де соған ауады.

Ал Трент ше? Ол «Реалға» тек қосалқы құрам ойыншысы болу үшін келген жоқ. «Ливерпульден» кеткендегі басты мақсаты — жаңа ортада өзін негізгі ойыншы ретінде көрсету еді. Егер Карвахаль қайтадан толыққанды негізгі құрамға бекінсе, ағылшын қорғаушысы өз болашағы туралы ойланатыны анық.

Бұл жағдайды «Манчестер Сити» қалт жібермей бақылауда. Гвардиола Трентті өз жүйесіне сай ойыншы деп санайды. Қаңтарда ресми ұсыныс жасалса, таңқаларлық емес.

Еске салайық, «Реал» Арнольдты осы жазда небәрі 10 миллион еуроға, келісімшарт мерзімі аяқталуына бір ай қалғанда «Ливерпульден» алған. Қазір «Сити» ұсынуға дайын сома 63 миллион еуро деседі. Яғни «Реал» тек бірнеше айда үлкен қаржылық пайдаға кенелуі мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Италияда жүрген ойыншылар жазда командаға қайта оралады деп күтілуде

admin

Мендидің «Реалдағы» уақыты аяқталды

admin

Испания Супер Кубогіндегі өзгеріс: Экстра-тайм болмайды

admin

Пікір жазу