QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Әлем спорт жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

«Қайрат» — «Реал» матчы: Билет бағасы елді шулатты

Алматыда өтетін тарихи ойын — «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» кездесуіне қатысты алғашқы әңгіме билеттерден басталады. Қазақстандық журналист Владимир Жарковтың айтуынша, ішкі дереккөздер билеттер құны шамамен 500 мың теңге болады деген болжам жасауда. Бұл ақпаратты «Спорт Шредингера» басылымы жариялады.

Алайда әзірге «Қайрат» клубы да, УЕФА да, ресми билет агрегаторлары да ресми түсініктеме берген жоқ. Тіпті билеттердің сатылымға шығатын күні де нақтыланбаған.

УЕФА регламентіне сәйкес, қабылдаушы клуб қонақ команда жанкүйерлеріне орын бөлуге міндетті. Бұл жағдайда қонақтарға арналған билет құны 50 еуродан (шамамен 31 500 теңге) аспауы тиіс. Ал алаң иелері өз жанкүйерлері үшін бағаны өздері белгілей алады.

Бұл деректің жария бола салысымен әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туды. Бірі — «әлемдік деңгейдегі клубтың ойынын көру үшін мұндай баға қалыпты» десе, енді бірі – «қазақ футболы үшін тым қымбат» деген уәж білдіріп отыр.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы көптен күткен кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина сенсациялық жеңіспен жартылай финалға шықты

admin

“Реал” — “Атлетикке” қарсы негізгі құрамын жариялады

admin

Реал Мадрид тарихындағы ұлы президенттің тағайындалуы және Барселонамен арадағы кикілжің

admin

Пікір жазу