33 жастағы аустриялық қорғаушы Давид Алаба 2025/26 маусымының соңында мадридтік «Реалмен» қоштасуы ықтимал. Оның қазіргі келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болса да, клуб оны ұзартуды көздеп отырған жоқ.
Алаба – командадағы ең көп жалақы алатын футболшылардың бірі, жылдық табысы 19,5 миллион еуроны құрайды. Алайда соңғы жылдары жарақат мәселелері оның бабына кері әсер етуде. Жуырда алған кезекті жарақаты – соның дәлелі. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол сол аяғындағы бұлшық етін зақымдап, шамамен бір ай бойы алаңға шыға алмайды. Футболшының қатарға қайта оралуы оңай болмайтын секілді.
Бас бапкер Хаби Алонсо 2024/25 маусымында орталық қорғаушылар ретінде Рүдігер, Хейсен, Милитао және Асенсиоға үміт артады. Осылайша, Алаба командадағы бесінші таңдауға айналады.
«Реал» ойыншының болашағына байланысты шешімді оның өз еркіне қалдырған. Клуб оның жағдайын түсіністікпен қабылдап, құрамнан күшпен шығарып жіберуге бармайды. Қорғаушы қаласа, командадан арзан бағада тіпьі еркін агент ретінде кету мәселесі де қарастырылады. Дегенмен, соңғы екі жылда жарақаттан көз ашпаған Алабаны сапында көргісі келетін клубтар жоқтың-қасы.