QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Дани Себальос Трент пен Хейсен жайлы пікірімен бөлісті

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Дани Себальос клубтың жаңа ойыншыларына қатысты өз пікірімен бөлісті. Ол команданың жаңартылған құрамына жоғары баға беріп,  Трент пен Диннің әлеуетін ерекше атап өтті.

  Трент — нағыз керемет ойыншы. Ал Дин тілді жақсы білетіндіктен, жаңа ортаға тез бейімделіп жтыр. Ол Испания құрамасы сапында дебют жасап үлгерді. Екеуі де бізге көптеген титулдарды жеңіп алуға көмектеседі деп сенемін, — деді Себальос тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Реал» Хейсен үшін «Борнмутқа» 58 миллион еуро төлеп, сатып алу құқығын іске қосқан болатын. Ал Трент командаға Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты басталар алдында 10 миллион еуроға ауысты. Жаңа маусым алдында құрамды күшейткен «Реалдың» басты мақсаты — ішкі біріншілікте және халықаралық ареналарда үздік нәтижелер көрсету

Ұқсас жаңалықтар

Альваро Арбелоа «Байер Леверкузеннің» бас бапкері бола ма?

admin

Роберто Карлос «Реалдың» жаттығу базасында тұрып жатыр

admin

ПСЖ мен Мбаппе арасындағы дау: кім кімге қарыз?

admin

Пікір жазу