QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Әлем спорт жаңалықтарыБаспасөз мәслихатыБасты ақпаратЖаңалықтарКлубтың аңыз футболшылары

Энрике Рикельме деген кім?

Флорентино Перестің баспасөз мәслихатындағы ең күтпеген сәттердің бірі — оған қарсы шығып, клуб президенті сайлауына қатысу ниетін білдірген жалғыз адам туралы айтуы болды. Әңгіме 2021 жылғы сайлау жайлы өрбіді — қазіргі уақытқа дейінгі соңғы сайлаулардың бірі.

Сол кезде бірнеше сұхбатында өз жоспарын меңзеген Энрике Рикельме кейінірек «қолайлы уақытты күтуді» жөн көрген еді. Перес оны алғашында «оңтүстікамерикалық акценті бар адам» деп атап, кейін нақтылап «мексикалық» екенін айтты. Бірақ бұл ықтимал кандидат шын мәнінде кім?

Энрике Рикельме Аликанте провинциясындағы Кокс қаласында дүниеге келген. Жасы небәрі 37-де болса да, ол 20 жылдан астам уақыттан бері «Реал Мадрид» клубының мүшесі. Бұл оған президенттікке үміткер болуға мүмкіндік береді. Оның отбасы да нағыз мадридисталардан құралған: әкесі Рамон Кальдерон тұсында клубтың директорлар кеңесінде жұмыс істеген.


Қазір Рикельме Мексикада тұрады. Ол Grupo Cox Energy компаниясының иесі әрі президенті. Бұл — жаңартылатын энергия саласындағы әлемдік алпауыттардың бірі. Компания Испанияда, Оңтүстік Американың бірнеше елінде және әлемнің басқа да аймақтарында жұмыс істейді.

Рикельме алғаш рет 2021 жылғы сайлауға қатысуы мүмкін екенін айтқан кезде, небәрі 32 жаста болған.

Қазір әлде болашақта ма — бәрібір, мен өзімді сынап көргім келеді», — деген еді ол сол кезде El Confidencial басылымына берген сұқбатында.

Кәсіпкер бірнеше жылдан бері клубты басқарудың жаңа моделін ойластырып жүргенін айтқан.

Мен жинаған тәжірибемді пайдаланып, клубты жаңа деңгейге шығару үшін достармен емес, жоғары кәсіби директорлар кеңесімен жұмыс істегім келеді. Қазір клуб басқару жүйесін толық кәсібилендіруі керек. Әйтпесе, болашақта мәселелер туындайды. Ал жаһандық клуб болу — бұл тек АҚШ-қа турнеге барып келу емес», — деген еді Рикельме.

Бизнес әлемінде Энрике Рикельмені «Күн патшасы» деп атайды. Соңғы 10 жылда ол Cox Energy компаниясын бірнеше миллиард еуроға бағаланатын деңгейге жеткізді. Компания акциялары Мексиканың институционалдық қор биржасында (Biva) саудаланады.

Компания Чили, Мексика, Колумбия, Испания, Португалия және Панамада жобалар жүргізеді. Сонымен қатар Италия мен Сальвадорға шығуды жоспарлап отыр. АҚШ, Испания және Таяу Шығыста да компанияның қатысуы бар.

Бірнеше апта бұрын Рикельме Iberdrola México компаниясын 4 миллиард долларға сатып алу келісімін аяқтады. Бұған дейін ол Abengoa компаниясын сатып алуға да талпыныс жасаған.
Осындай қаржылық мүмкіндіктерінің арқасында жас испан кәсіпкері «Реал Мадрид» президенттігіне үміткерлер үшін міндетті саналатын 187 миллион еуролық кепілдікті жаба алады.

Рикельмені Рафаэль Надаль, Серхио Рамос, Икер Касильс және Рауль сынды аңыздар қолдайды.

Рауль Гонсалес Бланко — Рикельме тұсында команданың негізгі бас бапкері атануы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

«Реал Мадрид» Еуролигадан шығып, «NBA Europe» жобасына қосылады

admin

«Реал» Нико Уильямсқа қызығушылық танытпаған – ақпарат жалған болып шықты

admin

«Реал Мадридтің» Чемпиондар лигасындағы күнтізбе анықталды

admin

Пікір жазу