QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Жаңалықтар

Реал Мадрид тарихындағы ұлы президенттің тағайындалуы және Барселонамен арадағы кикілжің

Реал Мадрид тарихындағы ұлы президенттің тағайындалуы және Барселонамен арадағы кикілжің

1943 жылы “Реал Мадрид” пен Барселона Испания Кубогының жартылай финалында кездесті. Бірінші ойын Барселонада өтті және оны Барса 3-0 есебімен жеңді. Қарымта ойын “Реал” алаңында өтті. Мадрид 11-1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл Классико тарихтағы — қос клуб арасындағы ең ірі жеңіс. Бұл ойында Сабино Баринага 4 гол соқты, тағы үш голды Пруден, екі голды Алонсо, бір голдан Курта және Ботелья соқты. Барса сапынан матчтың 89 минутында Мартин гол соқты.
11:1 — есебі Реал мен Барса арасындағы соғыстың қайта жануы болды. Бұл ойынның нәтижесінде қос тарап жақтың президенттері өз қызметтерінен кетті. Екі президент достық қарым-қатынасты сақтай алмаған соң саяси биліктегі басшылар оларды отставкаға кетуін талап етуге итермеледі.
Сантьяго Бернабеу 11:1 есебінің арқасында президент болды.

Каталонияға оралғаннан кейін «Барселона» президенті Энрике Пинейро отставкаға кетті, оның орнына Хосе Альберт келді және 36 күннен кейін қызметінен кетті (Каталония футбол федерациясының вице-президенті лауазымы үшін).
11-1 ойын алдында Барселонаның киім ауыстыратын бөлмесіне қарулы адамдар кіріп, егер олар матчта жеңіліп қалмаса, «сендерді өлтіреміз» деп қорқытқаны туралы көптеген түрлі әңгімелер шықты. Басқа нұсқа бойынша, олар, керісінше, ашуланған жанкүйерлерден қорыққан ал бүкіл ойын барысында Реал жанкүйерлері «Барселона» ойыншыларын таспен қоршауға алды деседі.
Матч нәтижесінде Антонио Сантос отставкаға кетті және оның орнына Сантьяго Бернабеу тағайындалды. Бернабеудің алғашқы бұйрығы (15 қыркүйек) Барселонамен жақсы қарым-қатынас орнату болды, ол Конкордия кубогы деп аталатын екі жолдастық кездесу өткізуді ұсынды. Біріншісі 31 қазан күні Мадридте өтті, бұл клубтың аңызы, Бернабеудің құрдасы Хуанито Монхардиндің құрметіне арналған матч болды. Ойын тең нәтижемен аяқталды.

Бернабеу “Барселона” футбол клубын жақсы қарсы алды, олар ипподромға барып, содан кейін кешкі ас ішті. Онда Бернабеу «Барсаның» әр ойыншысына алтын оттық(зажигалка), ал клубтың өзіне күміс Амфора сыйлады.
Қарымта ойын 26 желтоқсанда өтті. Достық қарым-қатынасты нығайту үшін командалар бірге жаттығу өткізді. Ойын алдында «Барселона» президенті Мадрид ойыншыларымен қол алысып, әрқайсысына сыйлық ретінде сағат берді. «Барса» Конкорд Кубогын жеңіп алды, ойын 4-0 есебімен жеңіске жетті.

11-1 есебінен кейінгі соғыс осылай аяқталды. Сантьяго Бернабеу қос тарапты біріктіріп, арнайы Кубок үшін ойнатылатын турнир ашып, жанжалды осылай шешді.

Бірақ, бұнымен ештеңе аяқталмады.

1944-1945 маусымда Реал Мадрид Толедоның жартылай қорғаушысы Рафаэль Юнтаны сатып алды. Ол керемет маусым өткізіп, 9 гол соқты және команданың маңызды ойыншысы болды. «Барса» ойыншыға қызығушылық танытып, ойыншыға жеке хаттар жібере бастады. Ол кезде клуб өз ойыншысына басқа клубтардан ұсыныс келген жағдайда оны ұстай алмады. Бірақ ережелерге сәйкес, басқа клуб ойыншымен келіссөзді тек сол ойыншы ойнайтын клуб президентінің рұқсатымен ғана келіссөз жүргізе алатын. Рафа «Барселона» онымен байланысқанын клубқа айтты. Қарсылас клубтың бұндай сыйластық көрсетпегеніне Бернабеу ашуланды және әріқарай оларға жауап беруге болатындай соққы дайындады.

Сантьяго Бернабеу Рафаға Барселонамен кездесуге рұқсат берді. Бірақ, кездесу орнын ол өзі дайындап берді. Долар кафесінде екі жақ кездесіп, Рафа өтіріктен Барселонаның келісіміне риза екенін айту керек болған.
Бұл кафеге сол кездегі әйгілі боксшы Паулино Ускудун жиі баратын. Бернабеудің өзі бұл кафеге әр апта сайын тертулия болған.

Тертулия-бұл таза испан дәстүрі. Мадрид ең жақсы тертулиялар өтетін қала болып саналды . Бұл бірдей деңгейлі адамдардың, өзара бас қосып интеллектуалды сөйлесу күндері болып табылады. Осылайша «Долар» кафесі бейсенбі күні түстен кейін Бернабеу достарымен келетін орын болды.

Дон Сантьяго бәрін Рафа мен Барсаның хатшысы Хоакин Лабуена арасындағы кездесуде олардың заңгерлермен бірге отыратындай етіп ұйымдастырды.

Реал Мадрид тарихындағы ұлы президенттің тағайындалуы және Барселонамен арадағы кикілжің

Келіссөз жоспарланғандай өтті және нотариус талқыланғандардың жазбасын жүргізді, оны онымен бірге болған көптеген куәгерлер растады.

Бұл 1945 жылдың шілдесі еді. Қолында дәлелдері бар Бернабеу федерацияға шағым түсірді, ол қараша айында Лабуенаны өз міндеттерінен екі жылға алып тастады. Рафаға айыппұл салынды және келесі екі маусымда Барсаға ауысу мүмкіндігінен айырылды.

Рафаэль Юнтаның өзі Мадридте үш жыл ойнады. Бірақ жыл сайын жағдай нашарлайды. 1948-1949 маусымда ол Вальядолидке кетті және ауыр жарақатына байланысиы мансабын аяқтауға тура келді.

Рафа Юнтаның — есімі әрқашан екі үлкен клуб арасындағы бейбітшілік келісімін бұзумен байланысты болады.

1943 жылдан 1945 жылға дейін “Реал” мен “Барса” достық қарым-қатынаста болды . Бернабеу Барселонаның бұл қарым-қатынасты құртқанына ашуланып, олардан кек алды. Содан кейін қайтадан бәрі өз орнына оралып, қос клуб арасындағы кикілжің тоқтамады.

Ұқсас жаңалықтар

“Реал” — “Атлетикке” қарсы негізгі құрамын жариялады

admin

Тео Эрнандес қайта орала ма? «Реалдың» жоспары басқа

admin

Хаби Алонсо және оның командасы: «Реалдың» болашағын сеніп тапсыратын мамандар ма?

admin

Пікір жазу