QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

«Реал Мадрид» Нико Пасты қайтаруды ойластыруда

 

«Реал Мадрид» аргентиналық жас талант Нико Пасты командаға қайтару мүмкіндігін қарастыруда. Келесі аптада бұл мәселеге байланысты нақты келіссөздер жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, Нико Пас 6,5 миллион еуроға Италияның «Комо» клубына ауысқан болатын. Алайда, трансфер шартына сәйкес, ойыншының кейбір құқықтары әлі де «Реалға» тиесілі. Мадридтік клубта оны үш жыл ішінде кері сатып алу құқығы бар:

 • 2025 жылы — 8 миллион еуро,

 • 2026 жылы — 9 миллион еуро,

 • 2027 жылы — 10 миллион еуро.

Нико осы маусымда «Комо» сапында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз шеберлігін дәлелдеді. Ол 33 матчқа қатысып, жалпы 2524 минут алаңда болды. Осы уақыт ішінде 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді — бұл 21 жастағы жартылай қорғаушы үшін өте жақсы көрсеткіш.

Мадридтік клуб ойыншының прогресін жіті бақылап отыр және егер осындай нәтиже жалғаса берсе, Никоның қайта «Сантьяго Бернабеуге» оралуы — уақыт еншісіндегі мәселе ғана.

Ұқсас жаңалықтар

«Байер» директоры Карро: «Хаби Алонсоның болашағы жақын арада белгілі болады»

admin

Франко Мастантуоно: «Реал Мадрид – өмірімдегі ең дұрыс шешім»

admin

Дани Себальос Трент пен Хейсен жайлы пікірімен бөлісті

admin

Пікір жазу