«Реал Мадрид» командасы соңғы матчтарда керемет нәтиже көрсетіп келеді. Және бұл жетістіктің артында Арбелоаның үлесі зор.
Винисиус, Вальверде, Куртуа және басқа ойыншылар жаттықтырушының тактикасы мен команда ішіндегі атмосфераға өте риза. Қатарынан бес ойында жеңіске жеткен соң, командада сенім мен ынтымақтастық, ауызбіршілік одан әрі күшейді. Ойыншылардың пікірінше, Арбелоа командада өзінің орнын таба білді және келесі маусымда да жетекші ретінде қалуы қажет.
Соңғы сөз «Реалдың» басшылығында.
