QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Жауапты матчқа тәжірибелі төреші тағайындалды

ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Реал Мадрид» — «Бенфика» матчының тізгінін словениялық арбитр Славко Винчич ұстайды. Бұл кездесу өткен аптада Винисиус Жуниор мен Джулиано Престианни төңірегінде туындаған нәсілшілдік дауына байланысты ерекше назарда болмақ.

Винчич «Мадридтің» ойынына төртінші рет төрешілік етеді. Ол 2024 жылғы Чемпиондар лигасының финалын басқарған еді. Сол кездесуде «Реал Мадрид» 2:0 есебімен «Боруссия Дортмунд»командасын жеңіп, кезекті мәрте Еуропа төрінде топ жарған.

Биылғы маусымда словениялық маман «Ювентусқа» қарсы (1:0), сондай-ақ 2024 жылдың қарашасында «Миланға» қарсы (1:3) матчтарда да төрелік етті.

«Бенфика» үшінде Винчич бейтаныс маман емес. Ол 2021 жылы лиссабондық клубтың Чемпиондар лигасындағы ПСВ командасымен өткен (0:0) ойынында қызмет атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Хаби Алонсо: Бұл – біздің жолымыздың бастауы ғана

admin

1953 жылы Альфредо Ди Стефано «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

admin

Испания Супер Кубогіндегі өзгеріс: Экстра-тайм болмайды

admin

Пікір жазу