QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Килиан Мбаппе — «Барселонаның» басты қорқынышы

Килиан Мбаппе тағы да тарихқа енді. Француз шабуылшысы 21-ғасырда «Барселона» қақпасына ең көп гол соққан ойыншылардың тізіміне қосылды.

Статистика айқын сөйлейді:
• Мбаппе — 12 гол, 9 матч
• Бензема — 16 гол, 46 матч
• Роналду — 20 гол, 34 матч

Тек осы үш футболшы ғана соңғы жиырма бес жыл ішінде каталондық клубқа қарсы осындай нәтижелі көрсеткішке жете алған.

Мбаппе бұл межеге небәрі тоғыз кездесуде жетті — бұл оның «Барсаға» қарсы тиімді ойнау қабілетін айқын дәлелдейді. Француз жұлдызына қарсы каталондық қорғаныс неше рет тосқауыл болмақ болғанымен, Килиан әр жолы өз сәтін тауып, шешуші соққыларын дарытты.

Ұқсас жаңалықтар

«Реал» Доннаруммаға көз тікті

admin

Унаи Эмери — «Реал Мадридтің» жазғы нұсқаларының бірі

admin

Тео Эрнандес қайта орала ма? «Реалдың» жоспары басқа

admin

Пікір жазу