QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Дани Карвахальға сәтті ота жасалды

Бүгін мадридтік «Реалдың» капитаны Дани Карвахаль оң тізесіне жасалған артроскопиялық отаны сәтті өткерді.

Операцияны әйгілі дәрігер Мануэль Лейс клубтың медициналық қызметінің бақылауымен жүргізді.

Капитанның жағдайы тұрақты. Енді алдағы күндері ол қалпына келтіру кезеңін бастайды.

Эль-Класикодан кейін Карвахальдың оң тізесі жарақатталғаны белгілі болды. Артроскопия — бұл буынның ішін арнайы құралдың (артроскоптың) көмегімен тексеріп немесе емдеп шығу үшін жасалатын жоғары дәлдікті хирургиялық операция.

Ұқсас жаңалықтар

Альваро Арбелоа «Байер Леверкузеннің» бас бапкері бола ма?

admin

«Реал Мадрид» Конате емес, Хёйсенге назар аударып отыр

admin

Эль-Класикода алаңнан қуылған ойыншылар мен олардың әрекеттері белгілі болды

admin

Пікір жазу