QazRealMadrid спорт жаңалықтары сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Доминик Собослаидың арманы «Реалда» ойнау

Венгрия ұлттық құрамасының бапкері Росси Доминик Собослаи туралы пікір білдірді:

Доминиктің басты арманы — «Реал Мадридке» ойнау. Мен оны кішкентайынан білемін, әрдайым осыны армандаған еді. Бірақ бұл трансфер тек өзіне және «Ливерпульге» байланысты.

Доминиктің мерсисайдтық командада қалып, келісімшартын ұзарту мүмкіндігі де бар екенін жоққа шығармаймын. Ол клуб үшін өте маңызды ойыншы, ал «Ливерпуль» әлемдегі ең мықты командалардың бірі» — деді мажарлардың бапкері.

Доминик Собослаидың «Ливерпульмен» шарты 2028 жылдың шілдесіне дейін жарамды. Transfermarkt оның нарықтағы құнын 85 млн еуроға бағалайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Реал Мадрид» Мбаппенің анасына жалақы төлей ме?

admin

«Реал Мадрид» Алматыға толық құрамда келмейді

admin

Адам Уортон «Реал Мадридтің» нысанында

admin

Пікір жазу